Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қауіпсіз жол": Ел жолдары бір апта бойы қатаң бақыланады

19 Қараша 2025, 21:19
550
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

18-23 қараша аралығында республика аумағында жол-көлік оқиғаларының жолын кесуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны жүргізу қажеттілігі адам шығынымен болған ауыр жол апаттары себеп болып отыр. ЖПІШ барысында: 

  • Патрульдеу маршруттары мен полиция қызметкерлерінің саны барынша көбейтіледі. 
  • Биыл адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары 31% өскені байқалады. Сондықтан облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда рейдтік іс-шаралар үздіксіз ұйымдастырылады. 
  • Жылдамдық режимін сақтау, басып озу және қарсы жолаққа шығу талаптарын бақылау күшейтілді. 
  • Заңсыз тасымалдаушылар мен такси қызметіне қатысты тексерулер жандандырылды. 
  • Елді мекендерде жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайларының алдын алу бойынша да қосымша шаралар қабылданады.
Өзгелердің жаңалығы