Қатты жел кедергі болған: Қарағанды облысында үш балықшы құтқарылды

Бүгін Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналда қатты желдің салдарынан өз бетінше жағаға жете алмай қалған үш балықшы құтқарылды.

 скриншот 4 Мамыр 2025 2025, 22:27
4 Мамыр 2025 2025, 22:27
885
Фото: скриншот

Бүгін Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналда қатты желдің салдарынан өз бетінше жағаға жете алмай қалған үш балықшы құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына алынған координаттар бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел құтқару жасағы дереу жетіп, балықшыларды құтқару операциясын жүргізді. Құтқарушылардың кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында олар жағаға аман-есен шығарылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

ТЖМ азаматтарды табиғат аясында демалғанда, әсіресе ауа райы қолайсыз болған кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Наверх