Қатты қорқып, кекештене бастаған – Астанада балабақша тәрбиешісі баланы соққыға жыққан

Желіде балабақша тәрбиешісі балана ұрған кезекті видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив 17 Ақпан 2025 2025, 17:51
17 Ақпан 2025 2025, 17:51
710
Фото: - архив

Желіде балабақша тәрбиешісі балана ұрған кезекті видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жолы видео кейіпкері – Астана қаласындағы Tilly Willy балабақшасының тәрбиешісі. Әкесінің айтуынша, жәбір көрген бала кекештене бастаған және қатты дыбыс естігенде еденге құлап, құлағын қолымен жабатын әдет шығарған.

Қазір істі полиция қарап жатыр.

"Алматы" ауданы полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, - деді олар өз мәлімдемесінде.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Осы оқиғаға қатысты Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты ресми мәлімдеме жасаған еді.

Наверх