Қатты боран: Алты өңірде жолдар жабылды

Кеше, 21:45
182
Бөлісу:
Қатты боран: Алты өңірде жолдар жабылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Елімізде 6 облыстағы 8 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.

Ақмола облысы:

  • "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Жақсы ауылы).

Ақтөбе облысы:

  • "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 526-618 шақырым аралығы (БҚО шекарасы - Қобда ауылы);
  • "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 618-702 шақырым аралығы (Қобда ауылы-Маржанбұлақ ауылы);
  • "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қарауылкелді ауылы);
  • "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 255-337 шақырым аралығы (Қарауылкелді ауылы - Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы:

  • "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 337-492 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Мақат ауылы);
  • "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 492-508 шақырым аралығы (Мақат ауылы - Доссор ауылы).

Батыс Қазақстан облысы:

  • "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 273-394 шақырым аралығы (Барбастау ауылы-Жымпиты ауылы).
  • "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы).
  • "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Орал қаласы -РФ шекарасы);

Жетісу облысы:

  • "Үшарал-Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы - Достық стансасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Тахтаброт ауылының бұрылысы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 240 арнайы техника мен 615 маман жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы