Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметіне қарағанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде қар жауады, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысының кей жерінде түнде қатты қар жауады. Карск теңізі ауданынан суық ауа массаларының енуіне байланысты солтүстік аудандарында ауа температурасы төмендейді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында екпіні 20-25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз бұрқасын болуы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман, күндіз Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Түркістан облысында күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.