Қатты аяз: Бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгiн, 00:30
125
Бөлісу:
Қатты аяз: Бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

6 ақпанда Астанада және еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, түнде және таңертең Ақмола облысының солүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Астанада тұман болады, солтүстік-шығыстан жел соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. , Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты аяз болып, сынап бағаны 25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Талдықорғанда да түнде қатты аяз болып, сынап бағаны минус 25 градусты көрсетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, күндіз облыстың тау асуларында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавлда да тұман түседі.

Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Өзгелердің жаңалығы