Қатонқарағай МҰТП-не орнатылған фототұзаққа тағы да сирек кездесетін жануарлар, яғни сілеусін, сібір тау ешкісі және бүркіт түсіп қалды,деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, бұл кадрлар жабайы табиғатты зерттеу және сирек жануарларды қорғау үшін маңызды дереккөзіне айналмақ.
Мұндай деректер Оңтүстік Алтайдың биологиялық алуантүрлілігін зерттеу мен сақтауға үлкен мүмкіндік береді,- деп жазылған жазбада.