Қатон-Қарағай ұлттық паркінің аумағында орнатылған фототұзақ үш күшігімен жүрген қар барысын тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл – өте сирек оқиға. Себебі қар барысының күшіктері шамамен екі жыл бойы аналығының жанында болады. Осы уақыт ішінде олар аң аулауды және қауіптен сақтануды үйренеді, – делінген ұлттық парк жариялаған бейнежазба сипаттамасында.
Сондай-ақ парк өкілдері мұндай кадрлар ұлттық парк аумағында сирек кездесетін жануарлардың көбеюіне қолайлы жағдай жасалғанын көрсететінін атап өтті.