Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елордадағы әуежайда Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қатар мемлекеті ШЫҰ диалогы бойынша әріптес мәртебесіне ие. Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылды.
Былтыр Қазақстан мен Қатар дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толды. Қатар – Қазақстанның Араб әлеміндегі маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 50%-ға өсті. Жоғары деңгейде қойылған міндетке сәйкес екі мемлекеттің үкіметтері өзара сауда көлемін $500 млн-ға дейін ұлғайту бағытында жұмыс істеуде.