Президент Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Парадта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян болды.
![Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды](/userfiles/images/%D0%9B%D0%95%D0%9D%D0%A2%D0%902.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды](/userfiles/images/%D0%9B%D0%95%D0%9D%D0%A2%D0%903.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды](/userfiles/images/%D0%9B%D0%95%D0%9D%D0%A2%D0%904.jpg)