Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады

Анталия форумы – қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

16 Сәуір 2026, 17:28
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 16 Сәуір 2026, 17:28
16 Сәуір 2026, 17:28
1675
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады.

Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

Наверх