Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вашингтонға барды

6 Қараша 2025, 03:17
949
Бөлісу:
 akorda.kz
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен АҚШ-қа барды. Мемлекет басшысын АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау Вашингтон әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында ертең Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөздер өткізеді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті кеңейту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.

Сонымен қатар, Президент Тоқаев «Орталық Азия – АҚШ» (C5+1) форматындағы саммитке қатысады. Бұл жиында өңірлік қауіпсіздік, көлік-логистика және «жасыл экономика» бағытындағы ынтымақтастық басты тақырып болмақ.

Өзгелердің жаңалығы