Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.
Отырыс соңында Президент бірқатар тапсырма берді.