Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин кешкі ас форматында достық рәуіште кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Еске сала кетейік, бүгін елордаға Қытай басшысы елімізге ресми іссапармен келді. Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасын әуежайда қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.