Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Отан алдындағы борышын адал өтеп жатқан барша азаматқа құр­­мет көрсетілетін күн. 

 Ақорда Бүгiн 2026, 08:02
Бүгiн 2026, 08:02
119
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ

Құрметті отандастар!

Баршаңызға Отан қорғаушы күні құтты болсын! 

Мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы айрықша мерекеде жауын­гер­­леріміздің ерен ерлігі, мықты рухы мен қайтпас қайсарлығы кеңі­нен дәріптеледі. Бұл – Қазақстанның қауіпсіздігін, тұрақты­лығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазір 

Отан алдындағы борышын адал өтеп жатқан барша азаматқа құр­­мет көрсетілетін күн. 

Ел жауынгерлері мен командирлері батыр бабаларымыздың даңқ­­ты жолын жалғастырып, нағыз отаншылдық рухының жар­қын үлгісін көрсетіп келеді. Сардарлар мен сарбаздардың, барлық күш­тік құрылым қызметкерлерінің бітімгерлік миссиялар, ар­наулы оқу-жаттығу жиындары мен түрлі халықаралық сайыстар ке­зіндегі кәсіби шеберлігі, темірдей тәртібі мен жауынгерлік даяр­лығы – соның айқын дәлелі. Қуатты әскеріміз ең күрделі мін­деттерді орындауға қашанда дайын екені сөзсіз. Сондықтан, мем­лекет еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға әрдайым баса мән береді. 

Жаңа Конституцияда «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп жазылды. Осы аса маңызды тұжырым мемлекет пен халықтың тығыз бай­ланы­сын, ел тағдырына әрбір отандасымыздың жауапты екенін аңғартады. Біз 

Отанға қалтқысыз қызмет ету қағидатын және Конституцияда ай­­­­қындалған мызғымас құндылықтарды негізге ала отырып, сан ға­­сырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайта түсе­міз, биік мақсат-мұратымызға жетіп, Әділетті, Күшті, Қауіпсіз Қа­зақ­стан­ды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін.  

Антына адал болып, табандылық танытып, мінсіз қызмет етіп жүр­ген Отан қорғаушыларымызға алғыс айтамын. 

Барша азаматтарымызға мықты денсаулық, амандық және та­быс тілеймін! 

Армиямыздың айбыны, халқымыздың ынтымағы арта берсін! 

Қас­терлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры бекем болсын! 

Наверх