Қасым, Есім және Тәуке хандар бейнесіндегі азаматтар дауыс берді

Қасым хан, Есім хан және Тәуке хан бейнесіндегі азаматтар бір мезетте өз таңдауларын жасады.

 әкімдіктің баспасөз қызметі Кеше 2026, 15:22
Кеше 2026, 15:22
128
Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды акция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Дауыс беру учаскесіне қазақтың үш ұлы ханы – Қасым хан, Есім хан және Тәуке хан бейнесіндегі азаматтар келіп, бір мезетте өз таңдауларын жасады.

Бұл көрініс – өткен тарих пен бүгінгі күннің сабақтастығын айшықтаған символдық сәт болды. Бір кездері Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ халқын бірлікке ұйыстырып, мемлекеттіліктің берік іргесін қалаған болатын. Ал бүгінгі Ата заң да сол бабалар салған сара жолдың жалғасы, елдің болашағын айқындайтын басты құжат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – азаматтардың саяси белсенділігін арттыру және ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдауда әрбір дауыстың маңызын көрсету.

Еске салайық, бұған дейін референдумда сағат 10.00-ге дейін қазақстандықтардың 19,21%-ы дауыс берді

Ел бойынша сағат 12.00-де 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады

Сондай-ақ, сағат 14.00-де келушілер көрсеткіші 51,93%-ға жетті. 

Наверх