Қастеев мұражайында көрме өтті

17 Наурыз 2024, 20:18
738
Бөлісу:
Қастеев мұражайында көрме өтті
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы наурыздың төртінші күніне орай танымдық іс-шара өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл күн отбасы құндылықтарына, отансүйгіштікке және қазақстандықтардың дәстүрлеріне арналған. Көрмеде отбасылық амандық пен ұрпақ жалғасының символы — шаңырақ ұсынылған.

Экскурсияға «Арыстан» мамандандырылған лицейінің оқушылары қатысты. Оларға шаңырақтың маңыздылығы, ұлттық өнер бұйымдарын жасау дәстүрлері мен технологиялары туралы айтылды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өнермен танысудың тактильді әдісі қарастырылған, «Жанасу» шағын экспозициясы жасалған, экспонаттарды қолмен ұстауға болады.

Өзгелердің жаңалығы