Павлодарда "TAKORP" қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында күдіктілер "TAKORP" қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.
Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа "ОКХ" арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған.
Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған.
Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген.
50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген.
Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты.
Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.
Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты "үйқамақ" және "елден кетпеу туралы қолхат" түрінде шара қабылданды.