Қаржы министрі 1,5 млн теңге жалақы алатынын айтты

28 Маусым 2022, 10:35
1434
Бөлісу:
Қаржы министрі 1,5 млн теңге жалақы алатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет кулуарында Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қанша теңге еңбеақы алатынын айтты.

Ол өз жалақысына үкімет басшысының орынбасары ретінде қаражат қосылатынын атап өтті.

Бірінші қаржы министрлігінен еңбекақы аламын, оған үкімет басшысының орынбасары ретінде қосымша төлейді. Бәрі 1,5 млн теңге болады. Оның ішінде министр ретіне 1,2 млн теңге аламын, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен бірге министр шенеуніктердің декларацияларын жариялау туралы сұраққа да жауап берді.

Жалпы, бұл мәселе де  талқыланып жатыр. Біз мемлекеттік қызметшілерміз, біздің жалақымызды жақсы білесіздер. Жыл сайын декларацияны кім тапсырады – әрине, мемлекеттік қызметшілер. Біз жалпыға бірдей декларациялау жолымен келе жатырмыз және 2025 жылға қарай республикамыздың барлық азаматы өздерінің жыл сайынғы декларацияларын жариялайтын, тапсыратын кезге келеміз. Сонда барлығы белгілі болады. Мен де өз декларациямды ұсынуға дайынмын, - деді Премьер-министрдің орынбасары.

 

Өзгелердің жаңалығы