Ораза айында биыл ең көп қойылған сұрақтың бірі - "Қарызы бар адамдар ораза ұстай ала ма?", деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы сауалға Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желіде жауап берді.
Алдыңғы жылғы, өткен жылғы өтелмеген қарызы бар жандар биыл жаңадан келіп жеткен ораза кезінде ауыз бекіте ала ма? деген сауал қойылып жатыр. Әлбетте ниет етіп ұстай беруге болады. Қалай болғанда да жақсылық амалға талпыну үлкен нәрсе. Бірақ ауру-сырқау болған адам, денсаулығында кінәраты бар адам ораза ұстамайды. Осыған қатысты құранда аят бар. Денсаулығы жарайтын, ахуалы бар, жол жүрмеген адам ғана ораза ұстайды,- дейді Нұрлан имам.
Оқи отырыңыз: