Қарулы күштердің командасы самбо жарысында үздік атанды

18 Қазан 2022, 03:13
2130
Бөлісу:
Қарулы күштердің командасы самбо жарысында үздік атанды

Өскемендегі «Жекпе-жек» спорт кешенінде «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының қолдауымен ұйымдастырылған IX ведомствоаралық Спартакиада аясында самбодан жарыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа Қазақстан Республикасының күштік және басқа да арнаулы құрылымдарының, құқық қорғау органдарының 12 командасының атынан 150 әскери қызметшісі мен қызметкері қатысты.

Жалпыкомандалық есепте Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының атынан жеті салмақта сынға түскен спортшылардың төртеуі жеңіске жетті. Өз салмағында ефрейтор Асхат Балтабаев (64 кг), ефрейтор Арнұр Қуатай (79 кг), Тоқтарбек Айдарбек (88 кг) және Марат Байқамұров (98 кг) жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарулы күштердің спортшылары жеңіске жетсе, екінші және үшінші орын Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланнан келген қарсыластарына бұйырды.

Өзгелердің жаңалығы