Антикор ҚР Қарулы күштеріне қарасты басқарма басшысын аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ҚР Қарулы күштері әскер инфрақұрылымының бас басқармасының күрделі жұмыс басқармасының бастығын ұстады. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті.
Ол қарулы күштердің қажеттіліктері үшін модульдік ғимараттарды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою кезінде пара берушінің мүдделерін жалпы қамқорлығы үшін қосалқы мердігерлік ұйымдардың өкілдерінен аса ірі көлемде пара бопсалау бойынша күдікті. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, - деді ол.
Бұған дейін Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы үй қамаққа алынғаны белгілі болды.