Бүгін Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан Василий Фомич Шипиловты 100 жасқа толуына орай, Алматы қаласы Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сіз Кеңес Одағының халықтары мен Еуропа елдерін неміс-фашистік басқыншылықтан азат етуге қатыстыңыз. Бұл сұрапыл соғыста жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сіздің табандылығыңыз бен қайсарлығыңыз, батылдығыңыз бен адал еңбегіңіз үшін алғыс айтып, тағзым етеміз, – деді Алматы қаласы Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының топ бастығы аға лейтенант Гүлсім Бәкірова.
Василий Фомич 1923 жылы 23 желтоқсанда Алтай өлкесінің Карпов ауылында дүниеге келді. Әскердегі қызметін кіші авиакомпаниялар мектебінде оқудан бастады, онда ол әуе атқышы және радио операторы мамандықтарын үйренді.
1944 жылы сәуірде Василий Шипилов Теңіз жағалауы жеке армиясының барлау полкіне әуе атқышы ретінде жіберілді. Беларусь майданының III бөлімшелерінің құрамында Беларусь, Польша және Германияны фашистік басқыншылардан азат етуге қатысты. Ол тек 1950 жылдың қаңтарында ғана запасқа шықты.
Майдангердің жауынгерлік еңбегі үшін «І дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталды.
Мерейтой иесі әскери қызметшілерді қуана қарсы алды. Соғыс туралы естеліктерімен бөлісе отырып, ықылас көрсетіп, құттықтап келгендері үшін шын жүректен алғыс айтты.