Қарулы күштер әскери қызметшілері мәслихат сайлауына қатысты

Еліміздің гарнизондарында дауыс беруді ұйымдастыру үшін 24 жабық сайлау учаскесі ашылды.

 Қорғаныс министрлігі 29 Қараша 2026, 17:09
29 Қараша 2026, 17:09
115
Фото: Қорғаныс министрлігі

2026 жылғы 29 қарашада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына 120 мыңнан астам әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысты.

Еліміздің гарнизондарында дауыс беруді ұйымдастыру үшін 24 жабық сайлау учаскесі ашылды. Онда мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар, әскери оқу орындарының курсанттары және іссапарға жіберілген әскери қызметшілер дауыс берді.

Ал офицерлер, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің азаматтық персоналы тұрғылықты жері бойынша дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды.

Осылайша, жеке құрамның барлық санаты үшін сайлауға қатысуға және конституциялық құқығын жүзеге асыруға қажетті жағдай жасалды.

Наверх