Қару дайындаған қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтті

15 Тамыз 2022, 19:04
708
Бөлісу:
Қару дайындаған қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтті
Фото: ҰҚК

2022 жылғы тамызда Жаңаөзен қаласында қару дайындаумен және сатумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңаөзен аудандық сотының шешімімен аймақтың тұрғындары «Б» және «Н» тиісінше 5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

2022 жылдың наурыз айында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жаңаөзен қаласында қару-жарақ дайындайтын жасырын цехты жою бойынша арнайы операция жүргізген болатын. 

Қылмыскерлер техникалық жөндеу орталығында тапсырыспен атылмайтын қаруды жауынгерлік қаруға айналдырған. Қылмыстық бизнестері қарқынды жүрген топтың әлеуметтік желілерде кең таралған клиенттік базасы болған. 

ҰҚК уақтылы қабылдаған шараларының нәтижесінде олардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Операция барысында 4 жауынгерлік «Калашников» автоматы, өздігінен оқталатын 1 «Симонов» карабині және 48 оқ-дәрі тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы