Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қайтыс болды

10 Сәуір 2025, 05:23
1523
Бөлісу:
Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қайтыс болды
Фото: freepik

Қытайдың шығысындағы қарттар үйінде орын алған өрт салдарынан кемінде 20 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де Хэбэй провинциясына қарасты Чэндэ қалалық округінде болған.

Оқиға кезінде ғимаратта болған қарттар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы