Мамандардың айтуынша, дұрыс ұйқы қартаюды баяулатып, денсаулықты сақтауда шешуші рөл атқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы тамақтану және ұзақ өмір сүру жөніндегі сарапшы Мелани Мерфи Рихтер HuffPost басылымына берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, ұйқы – өмір сапасы мен ұзақтығына әсер ететін ең маңызды құралдардың бірі. Бірақ тек қана қанша сағат ұйықтағаныңыз емес, ұйықтайтын уақыт та ерекше мәнге ие. Рихтердің айтуынша, ең қолайлы уақыт – түнгі 22:00 мен 00:00 аралығы. Ал оянған дұрыс уақыт – күннің алғашқы шуағымен бірге.
Маманның түсіндіруінше, мұндай режим гормондардың тепе-теңдігін сақтап, циркадтық ырғақты қалыпқа келтіреді және жасушалардың қалпына келуіне ықпал етеді. Бұл үдерістер қартаюды баяулатумен тікелей байланысты.
Сонымен қатар Рихтер ұйқының “барлығына ортақ уақыты” болмайтынын атап өтті. Ең бастысы – ағзаның биологиялық ырғақтарына сай жеке режим құрып, күн сайын соны ұстану. Әсіресе демалыс күндері “ұйқыны өтеу” сияқты әдеттерден қашу маңызды, өйткені ол табиғи циклдерді бұзып, денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.