"Қарсы болдым". Куәгер ретінде сотқа Салтанаттың сіңлісі келді

8 Сәуір 2024, 16:12
7224
Бөлісу:
"Қарсы болдым". Куәгер ретінде сотқа Салтанаттың сіңлісі келді
Фото: instagram.com/aitym

Бишімбаевтың сотында марқұм Салтанат Нүкенованың сіңлісі Самал Нүкенова жауап берді. Ол Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылы тамыз айында мен, Салтанат және Самал үшеуміз бірге түстенген едік. Сол кезде ол (Нүкенова) бір жігіттің танысқысы келіп жүргенін айтты. Әңгіме барысында оның аты Қуандық Бишімбаев екенін, бұрынғы ұлттық экономика министрі болғанын білдік. Салтанат оның айыпталғанын, ажырасқанын және баласы барын айтты. Мен бұл қарым-қатынасқа қарсы болдым. Ол Бишімбаевтың 2 ай бойы "инстаграм" желісі арқылы жазып жүргенін айтты. Бұл адамның өмір баяны маған ұнаған жоқ, сондықтан өз ойымды айтып, наразы екенімді ашық білдірдім, - деді Нүкенова.

Айнұр Нүкенова ешқашан ақша сұрамайтын сіңлісі тұрмысқа шыққан соң 50-100 мың теңге аралығында қарыз сұрағанын жеткізді. Оның айтуынша, оған дейін сұрамаған.

Ол (еск - Бишімбаев) 24 сағат бойы қасында болғанын қалады. Үнемі оған қоңырау шалған кезде арғы жақтан Бишімбаевтың даусы шығып жататын, - деді Самал Нүкенова. 

Сонымен қатар ол Салтанат Нүкенова тұрмысқа шықпай тұрып, қанша қаржы тапқанын айтты.

Жақсы пайда табатын. Шамамен 3 миллионға жуық. Дәл қазір нақты айта алмаймын, - деді Нүкенова.

Сотта экс-министр балгерге неге сенетінін айтты. Нүкенованың Бишімбаевқа жазған хаты да бүгін оқылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Бишімбаевтың сотына қатысушылар туралы не білеміз" атты шолу жасаған едік. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы