Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарқаралы тауларында адасқан үш турист аман-есен табылды

12 Қазан 2025, 23:57
627
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында адасып кеткен үш турист құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, олар таңертең серуендеу үшін тауға көтеріліп, бағытынан адасып қалған.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылармен бірге ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) қолданылды. Нәтижесінде туристер Қарқаралы қаласынан 8 шақырым қашықтықтағы таулы аймақтан табылды.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.

Тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтап, бағыт пен ауа райын алдын ала тексеру маңызды, - деп ескертті ТЖМ.

Өзгелердің жаңалығы