«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды

31 Мамыр 2023, 16:55
1706
Бөлісу:
«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды
PHOTO
Фото: Қобыланды Ерсайын

Қарқаралыда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды

Іс-шараны Қарқаралы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Ә.Бөкейхан атындағы Алаш ғылыми-зерттеу институты мен «Qazaqstan tarihy» интернет-жобасы, «Qyr balasy» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырды.

«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды

Іс-шараның мақсаты – Алаш қайраткерлерінің ізі қалған қасиетті өлкені және алаш қайраткерлерінің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін, қайраткерлігі мен күрескерлігін, шығармашылық мұрасын жан-жақты насихаттау. Сондай-ақ алаштанушы ғалымдардың қатысуында Мұстақым Малдыбай мұраларын жан-жақтылы ғылыми талдау, мұстақымтану ғылымының өзекті мәселелерін талқылау, соны көзқарастар мен жаңа тұжырымдарға жол ашу.

«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды

Дөңгелек үстелге алаштанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды

Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын бүгін еліміз үшін маңызды күн екенін айтты.

Бүгінгі күн барша еліміз үшін ерекше елеулі күн екені анық. Иә, бүгін сталиндік респессияда жапа шеккен құрбандарды еске алу күні. Баршаңызға белгілі, бұл атаулы күн 1997 жылы мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген болатын. Содан бері «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні елімізде жыл сайын аталып келеді. Бұл шараға біздің ауданда да үлкен мән беріліп, жылма-жыл ұйымдастырылып келеді, - деді аудан басшысы.

«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды

Ол атап өткендей, қуғын-сүргін науқанында түгел кеңес одағы жерін үрей жайлағаны мәлім. Әсіресе, көзі ашық, көкірегі ояу, елім деген азаматтардың дені қанды қасапқа ілінді. Кеше осы Қарқаралыда ізі қалған Әлихан, Ахмет, Әлімхандар бастаған алаш зиялылары қарауылға ілінді. Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы ату жазасына кесілсе, қазақ жерінің шекарасын шегендеген Әлімхан ұзақ жылға айдауға жіберілді. Басқа да қаншама алаш зиялылары да зобалаң жылдары құрбан болды.

Репрессияның үкімі тек алаш азаматтарын ғана емес, кеңес үкіметіне адал қызмет еткен партия қызметкерлерін де айналып өтпеді. Атақты «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» бойынша белді лауазымдарды атқарған Абдолла Асылбеков, Мансұр Ғатаулин, Нұрғали Нұрсейітовтер ату жазасына кесілгені белгілі. Осындай қанды науқан бүкіл республика бойынша, одақ көлемінде жаппай жүргізілді, - деді ол.

«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды

Жиын барысында Қарқаралы ауданындағы тарихи жерлерге мәдени серуен ұйымдастырылып, Ә.Бөкейхан атындағы Алаш ғылыми зерттеу институтының бастамасымен жарық көрген Мұстақым Малдыбай және алаш арыстарының тұлғасына қатысты кітаптардың тұсауы кесілді. 

«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды

Сондай-ақ Алаш қайраткері, жазушы, ұстаз, публицист Мұстақым Малдыбай тұлғасына арналған ескерткіш тақта ашылды.

«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов, филология ғылымының докторы, профессор, алаштанушы ғалым Айгүл Ісмақова, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Арасанбай Естенов, филология ғылымының докторы, профессор, алаштанушы ғалым Сағымбай Жұмағұлов және басқа да ғалымдар қатысты.

«Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі». Алаш қайраткерлерінің мұрасы насихатталды
Өзгелердің жаңалығы