Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаламен кездесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы мен ЕО-ның арнаулы өкілі Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы әріптестіктің барлық бағыттарын, сондай-ақ, аймақтың кең ауқымдағы мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік хатшы еліміздің сыртқы экономикалық және инвестициялық әріптесі Еуропа Одағымен ықпалдастықты барлық бағытта дамытуға басымдық беретінін атап өтті.
Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекет басшысының жаңа бастамалары мен қоғамдық келісім процессін дамыту жайында айтты.
Өз кезегінде, Тери Хакала Еуропа Одағы елімізде жүзеге асатын реформаларға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.