Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қардың салдары: Алматының бірнеше ауданында жарық өшті

Нұрқанат Атажан
5 Қараша 2025, 11:12
580
Бөлісу:
 BAQ.KZ  Жасанды интеллект
Фото: BAQ.KZ Жасанды интеллект

Алматыда ауа райының қолайсыздығынан кейін бірқатар ауданда электр жарығы сөнді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-ның жарық өшіру картасындағы деректерге сәйкес, электр қуаты мына көшелерде уақытша тоқтатылған:

• Бостандық ауданы: сағат 06:40-та Тәуке хан, Жаңару, Ладушкин, Байқоңыр көшелерінің маңында, сондай-ақ Ерменсай, Бағанашыл және Асқартау шағынаудандарында жарық өшті.
• Әуезов ауданы: сағат 07:10-да Бауыржан Момышұлы көшесінен бастап “Арыстан” базарына дейінгі үйлер жарықсыз қалды.
• Алмалы ауданы: сағат 08:00-де Абай даңғылы маңында электр қуаты өшірілді.
• Наурызбай ауданы: сағат 09:20 және 09:30-да Жандосов, Алексей Хегай, Дәулеткерей, Айтматов және Қонаев көшелерінің бойындағы тұрғындар жарықсыз қалды.

Сонымен қатар қаланың басқа да кейбір бөліктерінде жарықтың өшуі бойынша жекелеген жағдайлар тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы