Қаратөбе, Теректі аудандарында төтенше жағдай жарияланды – БҚО

28 Наурыз 2024, 04:48
1325
Бөлісу:
Қаратөбе, Теректі аудандарында төтенше жағдай жарияланды – БҚО
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Теректі аудандарында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаратөбе ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, аудан әкімінің жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты.

Осыған байланысты аудан аумағында тиісті іс-шаралар атқарылатын болады. БҚО ТЖ департаментінің мәліметі бойынша 27 наурыз күні Қоржын ауылында 80 үй су астында қалып, 281 адам мектепке көшірілген еді.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, құлаған үйлер бар, ұсақ мал шығынға ұшыраған.
Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Сонымен қатар Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан аумағында төтенше жағдай жариялау туралы шешімнің порталға шыққанын жеткізді.

Әкімнің мәлімті бойынша, Аңқаты ауылында 20 үй суға кеткен. Орал қаласына іргелес орналасқан Подстепный ауылында сонымен шамалас. Теректі, Ұзынкөлде де суға кеткен үйлер бар. Олардың саны нақтылану үстінде.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, облыста осы кезге дейін 273 264 текше метр қар суы сорылып, 15 937 қапшық төселген. Су тасқынының алдын алу шараларына 696 адам, 137 техника, 138 мотомпомпа тартылған.

Өзгелердің жаңалығы