«Қарасора-2022». Ұйымдасқан қылмыстық топ пен 6 жасырын зертхананың жолы кесілді

25 Шілде 2022, 12:56
1914
Бөлісу:
«Қарасора-2022». Ұйымдасқан қылмыстық топ пен 6 жасырын зертхананың жолы кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді.  

Елімізде кең ауқымды «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр. Операцияны Ішкі істер министрлігі жыл сайын 1 маусым мен 30 қазан аралығында жүргізеді. Бұл кез – марихуана мен наша дайындалатын қарасора өсетін кезең. Операцияны жүргізуге Ішкі істер министрлігінен бөлек, Ұлттық гвардия, ІІД арнайы бөлімшелері мен «Ғарыш Сапары» АҚ күштері мен құралдары, соның ішінде жоғары өтімділікті техника, тікұшақ пен ұшқышсыз ұшатын аппараттар жұмылдырылды, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар ол жаз басталғалы бері қанша есірткі қылмысы әшкереленгеніне тоқталып өтті.

Маусым айының басынан бері 475 есірткі қылмысы, соның ішінде 236 есірткі сату, 52 ірі көлемде есірткі сақтау, 135 қарасора өсіру және 24 есірткі контрабандасы фактісі анықталды. Бір ұйымдасқан қылмыстық топтың көзі жойылып, жасырын 6 жасырын зертхана жұмысының жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 2 тоннаға жуық есірткі заты, оның ішінде 773 келі марихуана, 61 келі гашиш, 16 келі синтетикалық есірткі және 7 грамм героин тәркіленді, - деді Ақтоты Боранова.  

Өзгелердің жаңалығы