Қарашөкеев қант бағасының не себепті қымбаттап кеткенін айтты

15 Наурыз 2022, 11:23
1613
Бөлісу:
Қарашөкеев қант бағасының не себепті қымбаттап кеткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда қант өндіретін қанша зауыт бар? Қант бағасының өсуі немен байланысты? Журналист сұрағына Үкімет отырысынан кейін кулуарда Ауыл шаруашылғы министрі Ербол Қарашөкеев пен Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жауап берді.

Қант отандық кәсіпорындардан шығады. Жалпы 6-7  ай өзіміздің қызылшадан өндіріледі. Ал басқа мерзімдерде сырттан әкелінетін құрғақ қанттан жасалады, - деді Сауда және интерграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Ауыл шаруашылғы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, еліміз бойынша қант өндіретін 8 зауыт бар, оның 4-еуі жұмыс істеп тұр.

Елімізде қантымыздың 30-40 пайызы қызылшадан жасалады. Ал көбі құрғақ шикі қантынан жасалады. Ол шетелден тасымалданады. Сырттан алып келу себебінен оның да бағалары өсіп жатыр. Әлемде қант пен азық-түлік бағалары салыстырмалы түрде өсіп жатыр. Қазір шикізат тәуелсіздігі бойынша 30-40 пайыз өз-өзімізді қамтып отырмыз. 5 жылдың ішінде 80 пайызға көтереміз деген ой бар. Бұл ұлттық жоспарда көзделген, -деді Ауыл шаруашылғы министрі. 

Өзгелердің жаңалығы