Қарашөкеев пен Патрушев ҚР мен РФ агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы келіссөздер жүргізді

18 Маусым 2022, 10:40
1393
Бөлісу:
Қарашөкеев пен Патрушев ҚР мен РФ агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы келіссөздер жүргізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 маусымда Санкт-Петербургте Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев РФ Ауыл шаруашылығы министрі Дмитрий Патрушевпен кездесу өткізіп, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыланды.

Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Е.Қарашөкеев Қазақстан мен Ресей арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 752,6 млн АҚШ долларын құрағанын, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7%  артық екенін атап өтті. 

Ол тауар айналымында дәнді дақылдар маңызды рөл атқаратынын айтты. Жыл сайын Ресейден Қазақстанға орта есеппен 1,5 млн тонна бидай импортталады. 

Қарашөкеев пен Патрушев ҚР мен РФ агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы келіссөздер жүргізді

Кездесуде елдер арасындағы өзара сауда мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы АӨК саласындағы сауданы ұлғайту, оның құрылымын жақсарту, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Бұл бағыттағы әлеует толықтай ашылған жоқ деп есептеймін. Сүт шикізаты, өсімдік майы, құс еті мен глютенсіз өнімдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін өндіру және қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаларды пысықтауды ұсынамыз. Ресейлік агроөнеркәсіптік бизнесті тығыз ынтымақтастыққа шақырамыз, - деп қорытындылады сөзін Е.Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы