Отандық брендтің негізін қалаған Болатбек Нәжметдинұлы «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп жазады BAQ.KZ.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев награданы Түркістан облысының белді кәсіпкері Болатбек Нәжметдинұлына табыстап, оның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан ерен еңбегін атап өтті.
Кәсіпкер бірнеше компанияның негізін қалаушы. Олардың қатарында алма, алхоры, басқа да сүйекті және дәнді дақылдарды өсірумен айналысатын бірнеше компаниялары бар. Бұдан басқа Болатбек Нәжметдинұлы ауыл шаруашылығы ғана емес, логистика, отандық өндірушілерді қорғау, экспортты дамыту және басқа салалардағы белсенді азаматтық позициясымен көпке танымал.
Оның кәсібі Қазақстанда ғана емес, Орта Азияда ең ірі жеміс қоймасын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Жеміс қоймасы жыл он екі ай 15 мың тонна өнімді сақтауға мүмкіндік беретін реттелмелі газ ортасымен жабдықталады.
Болатбек Нажметдинұлының бизнесі жеміс-жидекті өсіру және сақтаумен шектелмейді. Мұнда қайта өңдеу мен логистика, соның ішінде экспорт нарықтарын қоса алғанда өндірістің толық циклі жолға қойылған.
«Dala-Fruit» компаниясы өндіретін табиғи шырын құнарлы дәмі, қаптама дизайны және сусынның пайдалы қасиеттерін сақтау бойынша заманауи технологиялар арқылы көптің көңілінен шықты. Шырынды дайындауда концентраттар қолданылмайды, ал қаптамасы шырын құрамындағы дәрумендер мен пайдалы заттарды сақтауға мүмкіндік береді.
Зауыт қуаттылығы сағатына 2000 литр дайын өнім шығарады. Кәсіпорын «Үздік азық-түлік тауары» номинациясы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында жеңімпаз атанған.
Интенсивті алма бақтары қайта өңдеуге шикізат жеткізеді, сонымен қатар алма, алхоры және басқа да дақылдар түріндегі өнімдері ел ішінде де, экспорттық нарықтарда да дүкен сөрелеріне қойылған. Қазіргі кезде алма бақтардың ауданы 500 гектарды құрайды. Бақтар Түркістан облысының экологиялық таза ауданында орналасқан. Компанияның жалпы өндірістік қуаты жылына 8000-10000 тоннаға жетеді.
Экожүйе компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің бір бөлігі ретінде мамандарды дайындау мәселесін де қамтиды. Сапалы мамандарды дайындау және салаға жастарды тарту мақсатында бизнесмен Сайрам ауданының аграрлық колледжін сенімгерлік басқаруға алды. Оқу орнының студенттері бау-бақшадағы заманауи жабдықтарда және өзекті технологияларды қолдана отырып практикалық тәжірибе алып жатыр. Практика алушылардың бір бөлігі компаниялар тобының кәсіпорындарына жұмысқа орналасады.