Қарақат Әбден 18 жастағы қызы референдумда алғаш рет дауыс бергенін айтты

6 Қазан 2024, 13:43
272
Бөлісу:
Қарақат Әбден 18 жастағы қызы референдумда алғаш рет дауыс бергенін айтты
Фото: автордан

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден №165 референдум учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол референдум өткізу бойынша орталық комиссияның жұмысына көңілі толатынын айтты.

Көңілім толып жатыр. Таңертең ерте тұрып, жаяулатып дауыс беруге учаскемізге келдік. Алдымен балаларыммен Ұлттық кітапханада жұмыс істеп тұрған референдум учаскесіне соқтым. Ол жерде музыка ойнап тұр, велосипедтерін тастап, таңғы серуенге шыққан адамдар келіп жатыр. №165 референдум учаскесіне де келдім. Бәрі жақсы. Дүрбелең жоқ, кезек жоқ. Сондай жақсы атмосфера. Маған ұнады, - деді Әбден.

Депутат референдум учаскесінде комиссия мүшелері бірден аты-жөнін тауып бергенін айтып, жұмыстарын жоғары бағалады.

Мен өте жауапты адаммын. Референдум болсын, сайлау болсын үнемі дауысымды беріп келемін. Оны балаларыма да айтып отырамын. Бұл әр азаматтың азаматтық борышы, жауапкершілігі. Бүгін референдумға отбасымызбен келдік. Ұлым мен келінім де дауыс берді. Шетелде 18 жастағы қызым оқып жатыр. Ол жақта референдум бізден 3 сағатқа ерте басталды. Қыызым таңертең хат жазыпты “анашым, мен бүгін бірінші рет референдум учаскесіне барып дауыс бердім” деп жазып жіберіпті. Осындай референдумдарда жастарымыздың отансүйгіштігі арта түседі деп ойлаймын, - деп айтты Қарақат Әбден.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бүгін - экономикамыздың тағдырын шешетін күн екенін айтты. Ал Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров еліміздегі өте маңызды дүниенің барлығын халқымыз өзі шешуі керек деген пікір білдірді. Сондай-ақ Айдарбек Қожаназаров бастаған бір топ депутат та өз таңдауларын жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы