Қарапайым заттар экономикасы: Павлодарда жаңа өндіріс орындары ашылуда

16 Мамыр 2019, 08:35
3201
Бөлісу:
Қарапайым заттар экономикасы: Павлодарда жаңа өндіріс орындары ашылуда
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қатары артуда. Бүгінде бұл жерде 10 өндіріс ошағы бар. Олардың жүзеге асыруға 67 млрд теңге бөлінген.

Алдағы уақытта тағы 15 жоба қолға алынбақ. Солардың қатарында алюминий фольгасын шығаратын зауыт бар. Жаңадан ашылатын орын «Қарапайым заттар экономикасының» қағидаттарын ұстануға сеп болмақ.

Арнайы экономикалық аймақтың басқарма төрағасы Айбек Тұрсынғалиевтің айтуынша, биыл тағы бір кәсіпорын жұмысын бастады. Бұл іске тұрік инвесторлары 5,5 млрд теңге бөлген.

«Өндіріс құрылысы маусым айында басталып, қазан айында аяқталады. Бүгінде еліміз алюминий фольгасын басқа елдерден 30 млн теңгеге сатып алады. Павлодар жерінде ашылатын зауыт жылына 13 мың тонна фольга өндірмек. Бұл еліміз үшін импорттық тауарды отандық өніммен ығыстыруға мүмкіндік туғызады. Фольға күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылатыны белгілі», - дейді Айбек Тұрсынғалиев.

Қарапайым заттар экономикасы: Павлодарда жаңа өндіріс орындары ашылуда

Аталмыш компания арнайы аймақтың мүшелігіне бар болғаны бір ай бұрын кірсе де, жоспарлары ауқымды.

«Фольгадан бөлек терезе мен есіктерді жасауға қажет аюминий профильдері жасалады. Бірақ, бұл тауар Түркияға тасымалдануға лайықталмақ. Өндіріске керек шикізат арнайы эконономиклық аймақтағы қоспалы алюминий өндіретін «Гиссенхаус» зауытынан алынады. Бұл тұрғыда күрделі мәселелердің барлығы шешімін тапқан», - дейді ол.

Кәсіпорын отандық нарықты алюминий қорытпаларымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Жылдық қуаттылығы 600 мың тонна қоспалы алюминийді құрайды.

Айта кетейік, бұл кәсіпорын тез балқытылатын автомобиль дискілерін шығарады. Зауыт отандық көлік өндірісіне қажет дискілердің 120 түрін құю мүмкіндігіне ие.

Жалпы, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында өндірілетін өнім Ресей, Қытай, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Италия елдеріне экспортталады. Болашақта Біріккен Араб Әмірліктері және Түркия мемлекеттерімен әріптестік орнамақ Ал арнайы экономикалық аймақ құрылғалы бері 1460 жұмыс орны ашылды.

Өзгелердің жаңалығы