Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз – ТЖМ

11 Қараша 2024, 20:04
263
Бөлісу:
Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз – ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту кезеңінде өрттердің алдын алу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Бұл дәстүрлі түрде азаматтардың жылыту кезеңінде жылыту аспаптарын белсенді пайдалануы салдарынан өрт шығу қаупінің жоғары болуымен сипатталады. Осыған байланысты ведомство өрттердің санын азайту және азаматтардың өмірі мен мүлкін барынша қорғау үшін алдын алу жұмыстарын күшейтуде.

Бұл кезеңдегi басты мiндеттердiң бiрi үйлердегi, әсiресе халықтың әлеуметтiк осал топтары арасындағы орын алатын өрт санын азайту. ТЖМ азаматтарға жылыту жүйелері мен электр аспаптарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін еске сала отырып, аулаларды аралауды, рейдтерді, нұсқамалықтарды белсенді жүргізуде.

Профилактикалық жұмыста көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінеді. ТЖМ бастамасымен волотерлар, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Астана қаласында кезекті рейд жүргізілді. 

Оның аясында ТЖМ қызметкерлері жеке меншік үйлердің иелерімен кездесулер өткізді. Оларға жылыту жабдықтарын, пештер мен электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды. Тұрғындардың қалауы бойынша пештер мен түтіндіктер тексеріліп, бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.

Жылыту маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Өйткені жылыту аспаптары мен пештерді пайдалану өрт шығу қаупін арттырады. Біз адамдарды жылыту жабдықтары мен электр аспаптарымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері туралы хабардар ете отырып, профилактикалық іс-шараларды белсенді жүргізудеміз. Алдын алу - біздің қайғылы оқиғаларды болдырмаудың негізгі құралы. Біз барлық тұрғындарды осы жылыту маусымы еш қиындықсыз өтуі үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз, - деді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиев.

Қауіпсіз жылыту маусымына дайындық аясында әлеуметтік осал азаматтар тұратын 100 мыңнан астам тұрғын үй аулаларды аралаумен қамтылды. Бұл іс-шаралар ықтимал қауіп-қатерлерді жедел анықтауға және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз – ТЖМ

Бұдан басқа әкімдіктермен және еріктілермен бірлесіп тұрғын үйлерде автономды өрт сөндіру датчиктерін орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2020 жылдан бастап ТЖМ ұсынысы бойынша азаматтардың үйлеріне 107 мыңнан астам автономды датчиктер орнатылды. Олардың уақытылы жұмыс істеуінің арқасында биыл 248 адам құтқарылды.

Осы жылы алдын алу іс-шаралары барысында ТЖМ қызметкерлері әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріне 14 мыңнан астам жаңа датчиктер орнатқан. Бұл құрылғылар өрттер туралы ерте ескертуді қамтамасыз етеді, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады және өрттер санын азайтуға ықпал етеді.

Қауіпсіздікті арттыру үшін жасалып жатқан күш-жігерге қарамастан, жылыту маусымының басынан бері Қазақстанда тұрғын үй секторында 650 өрт тіркелді. Осы өрттердің нәтижесінде 59 адам құтқарылды, өкінішке орай, 31 адам қаза тапты, ал 20 азамат күйіп, түрлі дәрежедегі жану өнімдерімен уланды.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе, өрт қаупі едәуір артатын жылыту маусымы кезінде.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтауға шақырамыз:

- жарамды пештер мен электр аспаптарын ғана пайдаланыңыз;

- пештің қызып кетуіне және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;

- түтінді уақтылы күйеден тазартыңыз;

- пештің және электр аспаптарының ақауларын үнемі тексеріп отырыңыз;

- пеш жағуды балаларға тапсырмаңыз;

- жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.

Өзгелердің жаңалығы