Қарағандының Оқушылар сарайында "Smart Start" жобасы қолға алынды

23 Қазан 2024, 19:35
361
Бөлісу:
Қарағандының Оқушылар сарайында "Smart Start" жобасы қолға алынды
PHOTO
Фото: автордан

Оқушыларды емтихандарға, Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындайтын «Smart Start» жобасы сапалы білім беруге бағытталатын болады. Жоба №2 Оқушылар сарайында қолға алынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Қарағандының Оңтүстік шығыс ықшам ауданында орналасқан №2 Оқушылар сарайындағы үйірмелер мен қосымшалардың барлығы тегін жұмыс істейді. Оқушылар сарайында биылдың өзінде 11 жаңа үйірме ашылған. Солардың бірі «Smart Start» жобасы.

Қарағандының Оқушылар сарайында "Smart Start" жобасы қолға алынды

«Smart Start» сабақтарында жоғарғы сынып оқушылары тарих, математика, география, қазақ тілі және химия пәндері бойынша емтихандарға, сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындала алады. Біздің оқушылар сарайы 3 жылдан аса уақыт жұмыс істеп тұр. Мұнда 2800-ден астам бала қосымша білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, спортпен шұғылдануда. Сарай 7 бағытта жұмыс істейді. Бұл әлеуметтік, спорттық, көркем-эстетикалық, психо-лингвистикалық, музыкалық және техникалық бағыттар, - дейді №2 Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Есмағамбетова.

«Smart Start» жобасынан басқа оқуышылар сарайында теннис, қазақша күрес, интеллект, сонымен қатар, био, нейро даму үйірмелері ашылған. Жаңадан ашылған үйірмелерді қосқанда оқушылар орталығында 72 үйірме мен секция жұмыс істейді. Үйірмелердің барлығы тегін. Оларға edaryn.kz электронды платформасы арқылы тіркелуге болады.

Үйірмелер мен секцияларға тіркелуге тек 3 құжат ғана қажет. Ол баланың туу туралы куәлігі, ата-анасының жеке куәлігі және №27 медициналық анықтама. Құжаттардың электронды нұсқасын edaryn.kz платформасына енгізу керек, - дейді Қымбат Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы