Қарағандыны цифрландыру биыл аяқталады деп жоспарланып отыр

27 Қаңтар 2022, 08:55
1211
Бөлісу:
Қарағандыны цифрландыру биыл аяқталады деп жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қарағандыны, сондай-ақ Қазақстанның басқа да қалаларын – Ақтөбе, Арыс, Лисаковск және Өскеменді цифрландыру жүзеге асырылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдің құрылыс саласын цифрландыру және «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында инфрақұрылымдық объектілердің есебін және елдімекендер құрылысы мониторингін жақсартатын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық дерекқорын әзірлеуде.

Қазір жерасты және жерүсті инженерлік коммуникацияларын түгендеу арқылы қалалардың цифрлық кадастрлық жоспарлары жасалып жатыр. Бүгінгі таңда жұмыстар 63%-ға аяқталды. Қала құрылысы кадастрының дерекқорына қазірде 805 цифрландырылған бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлар енгізілді. Былтыр өңірлерде 25 мың гектер құрылыс салынған аумақ цифрландырылса, биыл Ақтөбе, Арыс, Қарағанды, Лисаков және Өскемен қалаларында инженерлік желілерді түгендеу жоспарланған. Ірі елді мекендерді (аудан орталықтары деңгейіне дейін) цифрландыру шараларын 2024 жылға қарай аяқтау көзделіп отыр.

Қала құрылысы кадастры жүйесін бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрымен және әкімдіктердің геопорталымен біріктіру жұмыстары қатар жүргізіліп жатқанын айта кету керек.

Өзгелердің жаңалығы