Қарағандылықтар джиу-джитсудан әлем чемпионатында он медаль жеңіп алды

3 Қараша 2024, 23:51
629
Бөлісу:
Қарағандылықтар джиу-джитсудан әлем чемпионатында он медаль жеңіп алды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағандылық спортшылар джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстанның намысын абыроймен қорғап шығып, 10 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнир Ираклионда (Греция) өтті. Бәсекелестік өте жоғары болды. 69 елден 970-тен астам спортшы өздерінің дағдылары мен шеберліктерін көрсетуге жиналды.

Ел намысын қорғау үшін Қарағанды облысынан әлем чемпионатына 12 джитсер аттанды. Олар 10 медаль жеңіп алды.

Турнир қорытындысында Асанәлі Абаев (newaza system), Аяна Амзе (contact system) және Шахноза Тәжиева (contact system) жеңімпаз атанды.

Күміс жүлдеге Ернар Мырзабеков (newaza system), Варвара Шкуропат (newaza system), Жандос Қуанышбеков (nogi) ие болды. Қола жүлдеге Жігер Алматай (newaza system), Асылмұрат Сағындық (newaza system), Олжас Нұртақанов (nogi), Ажар Салықова (No-gi) ие болды.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Өзгелердің жаңалығы