Қарағанды облысының ТЖ департаментіне 15 жаңа арнайы техника берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігі мен тиімділігін арттыру үшін авариялық-құтқару техникасын жаңартуды жалғастырады.
Қарағандылық құтқарушылардың қарамағына өрт сөндіруге арналған бес автокөлік, кинологиялық қызметке арналған Toyota Hilux жол талғамайтын көлігі, экстремалды климаттық және табиғи жағдайларда жұмыс істеуге арналған екі "Трэкол Вега" қар-батпақта жүретін көлік, сондай-ақ тіркемесі бар Marlin құтқару қайығы берілді.
Сондай-ақ, су астындағы іздеу операцияларына арналған құрал, 166 жауынгерлік киім жиынтығы және ауаны зарядтауға арналған компрессор.
Бұл шаралар төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін едәуір арттырады, құтқару операцияларын жүргізуді жеделдетеді және кез келген жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.