Қарағандылық құтқарушыларға жаңа техника берілді

6 Қаңтар 2024, 23:24
551
Бөлісу:
Қарағандылық құтқарушыларға жаңа техника берілді
Фото: gov.kz

Қарағанды облысы әкімі 2023 жылы республикалық және облыстық бюджеттен алынған 23 техникасын құтқарушыларға салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өз кезегінде, Қарағанды облысы азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері облыс әкіміне жылсайынғы ауқымды көмегі үшін өздерінің алғысын және табыс еткен техника үнемі төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайын болатынына сенім білдірді.

Мәселен, өткен 8 жылда Төтенше жағдайлар Департаментіне 188 өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы берілген. Оның ішінде 104 техника облыстық бюджеттен бөлінді.

Былтыр облыс бюджетінен 3 ірі жоба қаржыландыра басталды, оның ішінде Балқаш қаласында өрт-сөндіру депосы мен Қарағанды қаласында құтқарушылардың оқу-жаттығу кешенінің салынуы және Теміртау қаласында өрт-сөндіру депосының қүрделі жөнделуі.

Ал биыл облыс әкімдігі қолдауымен 20 бірлік техника алынады деп жоспарланып отыр, оның ішінде 50 метрлік өрт-сөндіру автосатылары да бар.

Өзгелердің жаңалығы