Қарағандылық құтқарушылар солтүстік пен батыста төрт жүзге жуық адамды құтқарды

17 Сәуір 2024, 02:32
321
Бөлісу:
Қарағандылық құтқарушылар солтүстік пен батыста төрт жүзге жуық адамды құтқарды
Фото: видеодан кадр

Қарағандылық құтқарушылар СҚО мен БҚО-да су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Аталған облыстардың аумағында болған уақытында олар төрт жүзге жуық адамды және жеті жүзден астам бас малды құтқарып, эвакуациялады, - деп атап өтті ведомстводан.

Сондай-ақ олар ұзындығы 9000 метр су бұру бөгеттерін тұрғызды. 34 мыңға жуық инертті материал салынған қаптар төселді.

Өзгелердің жаңалығы