Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 7 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 наурыз күні сағат 20:00-де Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы Дүйсембеков көшесінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. 22 қабатты үйдің 5-қабатында 3 бөлмелі пәтерде ағаш есік блогы, үй заттары, жиһаз жанды. Жалпы алаңы 9 ш.м. құрайды. Өрт сағат 20:29-да сөндірілді. ТЖД күшімен автосаты және баспалдақ маршымен кіреберістен құтқару қалпақшасының көмегімен 7 адам,оның ішінде 2 бала құтқарылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталуда.
Қарағанды облысы ТЖ департаменті өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз!
- электр сымдары мен аспаптардың жарамдылығын бақылаңыз!
- бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз!
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз және балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!
- тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр құрылғыларын пайдаланыңыз!
- психикалық бұзылулардан, алкоголизмнен және нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға ерекше назар аударыңыз!
Оқиғалар мен ТЖ кез келген алғышарттары мен фактілері туралы 112 немесе 8 (7212) 433636, 433737 телефондарына қоңырау шалыңыз.