Қарағандылық оқушылар "Мың бала" жобасының жеңімпаздары атанды

22 Қараша 2023, 09:13
663
Бөлісу:
Қарағандылық оқушылар "Мың бала" жобасының жеңімпаздары атанды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл "Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасына 320 мың бала қатысып, оның 35-і жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үздіктер қатарында екі қарағандылық оқушы болды.

Балалар қазақ ақындарының музыкалық шығармаларын орындауды, мәнерлеп оқуды, сондай-ақ өздері шығарған өлеңдерін қамтитын концерттік нөмірлерін ұсынды.

Қарағандылық оқушылар "Мың бала" жобасының жеңімпаздары атанды

Еліміздің барлық өңірінде "Өнерлі өрге жүзер" және "Жарқыра, жас дарын!" номинацияларымен қазақ тілін меңгеру бойынша 6 мыңнан астам шара мен байқау өтті. "Мың бала" сайысының қорытынды кезеңі Астанада өтті.

Шәкәрім атындағы Қарағанды гимназиясының 8-сынып оқушысы Қарасу Ахмет Мұстафа Бурак жобаға төртінші рет қатысып, "Өнерлі өрге жүзер" номинациясы бойынша төртінші рет жеңімпаз атанды.

Қарағандылық оқушылар "Мың бала" жобасының жеңімпаздары атанды

Оның жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құралай Күбекова.

Сондай-ақ осы номинация бойынша Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының № 5 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Альбина Девивые жеңімпаз атанды. Ол Мұқағали Мақатаевтің "Сәби-Ана" өлеңін оқыды. Оның жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынгүл Ыбраева.

Альбинаға 5-сыныптан бастап қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беремін. Ол көптеген аудандық және облыстық мәнерлеп оқу байқауларының жеңімпазы, алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталған. Биыл алғаш рет "Мың бала" жобасына қатысты. Жеңімпаздар қатарына кіру – қажырлы еңбектің нәтижесі. Бәсекелестік үлкен болды, барлық бала жақсы дайындалды. Бірақ менің оқушым үздік атанды, – деп атап өтті Алтынгүл Ыбраева.

"Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасы әртүрлі этникалық топтардың мыңдаған мектеп жасына дейінгі балалары мен оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына, тарихқа баулуына, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы