Қарағандыдан Маңғыстауға тікелей пойыз жүре бастады

Пойыздың жол жүру уақыты шамамен 41 сағатты құрайды.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 21:19
Бүгiн 2026, 21:19
100
Фото: BAQ.KZ архиві

Қарағандыдан Маңғыстау облысына енді ауысып мінбей жетуге болады – өңіраралық тікелей жолаушылар пойызы іске қосылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа бағыт Қарағанды – Жезқазған желісінің жалғасы ретінде іске қосылып, өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Алғашқы рейс Маңғыстау станциясына жетіп, салтанатты түрде қарсы алынды.

Пойыздың жол жүру уақыты шамамен 41 сағатты құрайды. Құрам Маңғыстауға тақ күндері сағат 12:08-де келіп, кері бағытта 14:34-те жолға шығады.

Билет бағасы:
купе – 22 123 теңге;
плацкарт – 14 467 теңге.

Қазіргі уақытта пойыз құрамында 8 вагон бар, ал алдағы уақытта олардың санын 10-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Наверх