Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыдағы тұрғын үйде үш бала лифт ішінде қалып қойды

Бүгiн, 08:11
132
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары лифт ішінде қалып қойған балаларға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды қаласының 112 қызметіне Гүлдер шағын ауданына қарасты көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде 2011 және 2012 жылы туған балалардың лифт ішінде қалып қалғаны туралы хабарлама түсті, - делінген ақпаратта.

Шақырту орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтін пайдаланып кабинаның есігін ашты және іште қалған 3 баланы сыртқа шығарды.

Балаларға медициналық көмек қажет болған жоқ, қауіпсіздік шаралары толық қамтамасыз етілді.

Өзгелердің жаңалығы